Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау тұрғыны өзінен жүкті болып қалған қызды өлтірем деп қорқытып, баласын алдырмақшы болды

Ақтаулық бойжеткен  бірінші өзін зорлап, кейіннен үйленуге уәде берген «жігітінің» қолынан өліп кетемін бе деп қорқады.

Себебі, жақында ғана жүкті екенін білген қыз қуанышты хабарды Әбдірахманға (бойжеткенді алдап жүрген жігіт) жеткізген. Алайда сүйінші хабарды жақтырмаған жігіт, іштегі нәрестені медициналық жолмен  өлтіруге бұйрық берген. Олай істемеген жағдайда әлі дүниеге келмеген перзентінің   анасын өз қолымен бақилық етуге уәде беріпті,-деп жазды Stan.kz.

Бұл туралы осы істе бойжеткенге заңдық тұрғыда көмек қолын созған қоғам белсендісі әрі құқық қорғаушы Камшат Есмұхамедқызы желідегі парақшасында жазды.

«Қанша күнен бері, Маңғыстау облысынан Р есімді қара көз сіңліміз хабарласып, көмек  сұрап жүр. Р есімді азаматшаны Ақтау қаласының тұрғыны Абдірахман есімді жігіт алдап, еркінен тыс зорлап, жазадан құтылу үшін «сені аламын,үйленеміз» деп уәдені үйіп төгіпті.

Қыз әлгі жігітке күші жетпеген соң төсек қатнасына  баруға мәжбүр болған. Еркек емес ез жігіт  қызды пайдаланып болған соң, жасаған әрекеті үшін жауапқа тартылмаудың амалын жасап, қызды  үйіне апарып, анасымен таныстырған. Содан әне- міне үйленеміз деп сеніміне кіріп алдап келген.

Р есімді азаматша өзін нашар сезінгендіктен  ауруханаға барып тексеріледі. Жүкті екенін естіген соң, дереу жігітке хабарласыпты. Жігіт бірден «баланы алдырамыз» деп жауап берген. Себебі, жігіт басқа қызға құда түсіп  осы айдың 29-ы күні үйлену тойын тойламақшы екен.

Сондықтан мен бүгін Маңғыстау обылысның Ішкі істер басқармасына арыз жазуға кеңес бердім, алайда күдікті  Абдірахман есімі жігіт Маңғыстау облысының ІІБ-ның басшыларымен жақсыбайланысы барын айтып, ақша беріп жауапкершіліктен босатылып шығатынын жеткізген.

Шыққаннан кейін қызды өлтіремін деп те ескерткен. Осы орай қоғам белсендісі, заңгер ретінде, бүгін Маңғыстау облысының ІІБ-не түсірілген Р есімді азаматшның арызын қатаң бақлауға алуды, Әбдірахман есімді жігітің жауапкершіліктен сытылып кетпеуін қадағалауды сұраймын»,-деп жазды заңгер Камшат Есмухамедқызы.

Оқи отырыңыз:

Роза Қуанышқызы: Жұрт мені сыр бермейтін «темір әйел» дейді. Бірақ, жалғыздықта көп жыладым

80 жастағы ана: Қой бағып жүріп баламды өзім босанып, кіндігін де өзім кестім

Көмір тапшылығы: Қазақстандықтар күн суығанда үйді қалай жылытарын білмей отыр

Нығматулин министрге: Заң жобасына сенеміз бе, әлде сіздің жауабыңызға ма?

Әріптесі: Ұшақта қаза тапқан Патсаевқа қазақстандық дәрігерлер қарыздар

Қазақ тілі үшін қорланған қоғам белсендісі аштық жарияламақ

Талқылау