Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау тұрғыны өзін сабап кеткен бұзақыға кешірім берді

Ақтау қалалық соты бұзақыдан зардап шеккен жергілікті тұрғынынның ісін қарады. 24 жастағы ер адам тұрғынға дене жарақаттарын салып және оның автокөлігін бүлдіріп кеткен.

4c21f9ae-e3af-4da9-9540-f29401626b45_1

Бұл туралы tumba.kz хабарлайды.

Сот мәліметінше, оқиға Ақтау теңіз порты мен “Гелиос” жанармай бекеті аралығындағы тас жол бойында болған.

24 жастағы Б. еш себепсіз Ақтау тұрғынына тиесілі “Лада Гранта” автокөлігіне тиісіп, одан кейін көлік иесін ұрып, оқиға орынынан қашып кеткен. Полицейлер күдіктіні дереу іздеп, көп ұзамай қолға түсіреді.

Құқық қорғау орган қызметкерлері бұзақылық дерегі бойынша бірден іс қозғайды. Бұл ретте зардап шегушінің өзіне шабуыл жасаған бұзақыны заңмен жазалайтын мүмкіндігі болған. Алайда ол бұзақыға қарсы ешқандай сөз айтпай, оған кешіріммен қараған. Оның сөзінше, жігіттің өмірін бұзбай, оның түзеліп кетеріне сенім білдіріпті.

“Сот процесі кезінде Б. өз кінәсін толықтай мойындап, өкінетінін айтты. Сондай-ақ, зардап шегушіден кешірім сұрап, материалдық шығынды өтеді. Олардың арасында өзара медиация келісімі жасалды”, – деді судья Гүлмаржан Әділсұлтан.

Сот төрайымының айтуынша, Б-ның жасаған әрекеті ауыр қылмысқа жатпайтындықтан, қылмыстық іс тоқтатылған.

Оқи отырыңыз:

Түркістанда жас жұбайлар тойын оңалту орталығындағы балалармен бірге өткізді (фото)

Оңтүстік тұрғыны 2 млн теңгеге «ЭКСПО» билетін  сатып алды

ОҚО-да 47 жастағы ер адам өзіне жар іздеп жүр

Башқұрт қызы: Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқытатын ұстаз болуды армандаймын

Талқылау