Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау тұрғындары түнде жарық шашып ұшқан алып нысанды видеоға түсіріп алды (видео)

Желі қолданушылары Ақтау аспанында пайда болған ерекше құбылыстың фотолары мен видеосын желіге жүктеп жатыр.

Тұрғындар түнгі аспанда жарық шаша баяу қозғалған алып нысанды 26 қыркүйек күні кешкі 20:30 шамасында байқаған. Куәгерлердің айтуынша аспан денесі әуежай жақтан көрініс берген. Қолданушылардың кейбірі зымыранның ұшуын бақылады деп есептейді.

Ресейлік “Известия” басылымының және РФ қорғаныс министрлігі мәліметінше, Ресейдің стратегиялық мақсаттағы зымыран күштері 26 қыркүйек күні РС-12М «Тополь-М» деп аталатын құрлық аралық баллистикалық зымыранын сәтті сынақтан өткізген.

Зымыран Астрахан облысындағы “Капустин Яр” полигонынан ұшырылып, Қазақстандағы “Сары Шаған” полигонындағы мақсатты нүктеге жеткен. Пікір қалдырған желі қолданушылары мұндай құбылыстың Қазақстанның басқа да қалаларынан байқалғанын жазыпты.

Оқи отырыңыз:

Рудныйда зейнеткерді өлтіріп, тонап кетпек болған 19 жастағы қыз сотталды

“Абу-Даби Плаза” құрылысы басында мұнаралы кранның қауғасы сынып кетті

Қостанайда көшеде тыржаңалаш жүрген бойжеткен іздестіріліп жатыр

Прокурор Альфа банкті тонағандарды 8 жылға қамауды сұрады

Талқылау