Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау тұрғындары ипотекаға алған үйлерінің кілтін алып, пәтерлеріне кіре алмай жүр

Ақтауда 400-ден аса отбасы ипотекалық үйіне өткен жылдан бері кіре алмай жүр. «Бәйтерек-Девелопмент» құрылыс компаниясы пәтер кілтін беріп қойған. Бірақ үйдің өзі дайын емес. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Жоспар бойынша 423 отбасы пәтерін өткен жылы алуы керек болған. Бірақ, кілті дайын үйдәі құрылысы әлі күнге созылып келеді.

«Тапсырыс беруші кеше жиналыстың болатынын біліп, барлық адамдарға жалған кілт берді. Кілт ал, не керек, бізде кілт бар қолымызда. Біз бірақ кіре алмаймыз бұл үйге. Звондап, үйімді тапсырам, затымызбен көшіп келем десем айтады, тұра алмайсыз бұл жерде дейді. Ал біз кредит төлеп отырмыз. Үй біздікі. Біз оның ішіне кіре алмасақ, ондай үй бізге не керек?!», – дейді Ақтау қаласының тұрғыны Тілектес Құндыбаева.

Тұрғындар пәтерлерін өткен жылы байқау бойынша ұтып алған. Енді осы айдан бастап банкке баспапаның қалған құнын төлей бастауы керек. Бірақ, бұл үйлер әлі адам тұратындай жағдайда емес.

Олардың айтуынша, ауласын абаттандыруды былай қойғанда, қарапайым коммуналдық желілер толық жүргізіліп бітпеген.

"Біз үйге әлі кірген жоқпыз, ертең 16-сында үйдің ақшасын төлеу керекпіз. Қалай төлейміз?! Үйге кірген жоқпыз.Үйдің іші қалай білмейміз.Тек кір, қара, мынау сенің пәтерің - мынау туалет, ваннаң, дейді, да бітті.Оның ішіне кіріп,өмір сүрген жоқпыз.Біз не үшінтөлейміз?", - дейді қала тұрғыны Айгүл Аймұханова.

Қала басшылығы құрылыстың біткен жерін тізіп айтып бергенімен, оның бүгін-ертең бітпейтінін мойындап отыр. «Үйлердің араларын топырақпен толтырып, көтеріп, биіктетіп, оның беті нығыздалып және шебін тас төселіп,бардюрлер тартулы тұр. Бірақ,асфальт төсеу жұмыстары ауа-райына байланысты, күн жылығанша кідіретін түрі бар», - дейді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұлов.

Тұрғындар енді қалайда осы айдан бастап екінші деңгейлі банкке ипотекалық қарызын төлей бастауы тиіс. Бірақ, үйлеріне қашан кірері белгісіз.

Тағы оқыңыз:

Вице-министр: Мұғалімдер смартфон арқылы баға қояды

WhatsApp жаңа функцияны іске қосты

1 килограмы 40 теңге: Қазақстандық және қытайлық ғалымдар картоптың жаңа түрін ойлап тапты

 

Талқылау