Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау полициясы дүкеннен тон ұрлап кеткен қызды іздестіруде (видео)

Ақтау полициясы қаладағы киім дүкендерінің бірінен қысқы тонды ұрлап кеткен қызды іздестіріп жатыр. Оқиға “Астана” сауда үйіндегі дүкендердің бірінде болған.

ысыс

Бұл туралы lada.kz сайты хабарлайды.

Оқиға 9 ақпан күні сауда үйінің 12-ші дүкенінде болды. ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сатушының назары басқа жаққа ауғанын пайдаланған қыз, қара түстегі бағасы 30 000 теңге тұратын сырт киімді байқатпай ұрлап алып, ізін жасырған. Алайда ол дүкен ішіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

“Қазіргі таңда Ақтау ішкі істер басқармасында аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктіні табу үшін қала тұрғындарынан көмек сұрайды”, – дейді баспасөз қызметінің ресми өкілі Шолпан Юлдашева.

Қандай да бір ақпарат білген жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: 8(7292) 474871, +7 775 441 77 77.

Талқылау