Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау перзентханасында босанған келіншек қасындағының бұйымын ұрлап кеткен

Перзентханада жатқан жас ана ұялы телефонын ұрлатып алған. Қымбат дүниесінен көз жазып қалғанын айтып арызданған келіншектің затын, құқық қорғаушылар көп ұзатпай тауып берді.2

Бұл туралы sn.kz хабарлайды

Палатадан бірнеше минутқа шығып кетіп қайта оралғанда ұялы телефонын таппай қалған. Арыз бойынша мән-жайды түсінген полицейлер, ұрыны табуға көп уақыт жоғалтқан жоқ.

Күдікті ретінде өзімен бірге бір палатада жатқан 30 жастағы келіншек болып шықты. Ұрлық жасарынан бірнеше күн бұрын ол да дүниеге сәби әкелген екен. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

 

Талқылау