Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау көшелерімен серуендеген түйе қалада боталады (видео)

Үлкен түйе Ақтау көшелерімен жүріп өтті. Жануардың мына жүрісіне жаяу жүргіншілер де, көлік жүргізушілері де реніш білдірмеген.

лор

Емін-еркін серуен құрған түйе қаланың біраз көшелерін басып өтіп, бірнеше шақырым жол жүріп тастаған. Ақыры айналып саябақтардың біріне барған інген түйе, жаңа төлін туған. Жас төл мен інгенді дереу мамандар алып кетіп, иесіз малдардың тұрағына орналастырған. Әзірге бір түйесі екеуге айналған қожайын табылар емес.

Талқылау