Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов аймақтың активіне қаланың жаңа басшысын таныстырды. Ақтаудың әкімі болып Ғалымжан Ниязов тағайындалды.

Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол осыған дейін Маңғыстау облысы әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және инновация мәселелері бойынша кеңесшісі қызметін атқарды.

Ғалымжан Ниязов Мұқырұлы Маңғыстау облысы, Шетпе селосында 1973 жылы 14 сәуірде дүниеге келген, бүгінде төрт бала тәрбиелеп отыр.

Ол еңбек жолын 1990 жылы Шевченко қаласында слесарь, кәсіпорынның жүргізушісі болып бастаған.

 

Жіберіп алмаңыз:

Павлодарда облыс прокурорының орынбасары декреттік демалыс алды

Атамбаев: Назарбаев мені ешқашан кешірмейтінін білдім

Ердоған: астаналық келіссөздер бүкіл өңірге оң ықпалын тигізді

Нығматулин министрлерге: Бас шұлғуға шеберсіздер, бірақ жұмысты сылбыр істейсіздер

Талқылау