Ақтау қаласы маңынан “Алланың жұдырығы” табылды (фото)
Маңғышлақ үстіртінің шығыс бөлігінде Ақтау қаласынан 50 шақырымдай жерде солтүстік-батысынан оңтүстік-шығысқа қарай жайылып жатқан Қарақия ойпаты әлемдегі ең терең шұңқырларының бірі болып саналады.
Бұл туралы Экспресс К хабарлайды. Ресейлік автосаяхатшы әрі блогер Micromaster Маңғышлақ жерін аралап жүріп Қарақия ойпатының таңғажайып көріністерін байқаған. Олардың таңданысын туғызған жұдырыққа ұқсас тастың өздігінен әлде табиғи күштердің әсерінен түзілгені белгісіз. Саяхатшының айтуынша, мұнда келген адамдар әр түрлі көңіл-күйді бастан кешеді. Кейбірі еріксіз ән айтса, енді бірі күле беретін көрінеді. Тоқтаусыз билейтіндер де болады екен. Зерттеушілер оның аталған жердің энергетикасы әсерінен деп топшылайды. Қарақия ойпаты уфологтардың көп келетін жері. Мұнда Ресей, Европаның жүздеген мамандары жыл сайын келіп зерттеу жүргізеді. Олар әр келген сайын жұмбақ жайттарға кез болатынын айтады. Уфологтарың бірінің айтуынша, 2000 жылдары Қарақия ойпатында ұйықтап жатқан жерінен оларды кезекші оятып таңғажайып оқиғаның куәсі болған. Олар төрт шардың аспанда қалықтап тұрғанын көрген. Беймәлім шарлар сол бойы аспанға таралып кеткен. Алан Исаев Жіберіп алмаңыз: Археологтар египеттік мумиядан жұмбақ татуировка тапты (фото) Шығыс Қазақстан облысында алып алақан бейнесінде қашалған жұмбақ сурет табылды Португалия шөлінде пайда болған қанішер мақұлық әлем елінің зәресін алды (видео)Талқылау