Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау қаласы әкімінің орынбасарын пара беруге мәжбүрлеген шенеуніктер ұсталды

Санкциямен Маңғыстау облысы Ревизиялық комиссияның төрағасы мен мүшесі  Нысанбаев пен  Әменов қамауға алынды.

alkatras-0010

Оларды Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар Ұлттық бюросының департаменті ұстады, деп хабарлады ведомстводан.

Ревизиялық комиссияның төрағасы Нысанбаев, ревизиялық комиссияның мүшесі Әменов адамдар тобымен бірігіп алдын ала келісіп делдал арқылы Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Дирды бюджеттік қаражаттың мақсатсыз пайдалану фактісін жасыру және «Абай атындағы мәдениет үйі» МКҚК 2014-2015 жылдардағы қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру барысында анықталған заң  бұзушылықтар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 2 млн. теңге көлемінде пара беруге мәжбүрледі.

Кінәсін мойындаған Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Дирға қатысты бұлтартпау шарасы – бағалық құны 23,5 млн. теңге көлемінде жылжымайтын мүлік түріндегі «кепіл» алынды. Сот алдындағы тергеу амалдары жалғастырылуда.

Талқылау