Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау кафесінде екі қыз мереке күні төбелес шығарды

Халықаралық әйелдер күнінде Ақтау қаласының екі тұрғыны тұтқынға алынған. Олар облыс орталығындағы кафелердің бірінде жанжал шығарған.

1457599872

Сурет demkristo.livejournal.com

Бұл туралы lada.kz сайты хабарлайды.

Полиция мәліметінше, Ақтаудағы 27-ші ықшам аудан тұрғыны 26 жастағы қыз өзінің құрбысымен бірге кафеде көңіл көтеріп, дау шығарған. Бастапқыда қыздар жылы сыра ұсынды деп даяшыны кінәлаған, кейіннен еш себепсіз кафеде отырған өзге бір қызды ұрған. Екеуара дау төбелеске ұласқан.

Осыған ұқсас жағдай басқа кафеде де болыпты. Бірақ, сол жерде демалып отырған ер адамдар қыздардың төбелесуіне жол бермей, оларды ажыратып жіберген. Ал екі күн бұрын 5-ші ықшам аудандар орналасқан кафеде болған оқиғада 25 жастағы қыз ұрыс шығарып, кафенің мүліктерін сындырып кеткен.

Әуелі әйел 38 мыңнан астам ақшаға тапсырыс береді. Алайда ол есепті төлеместен кафеден шығып кетпекші болған. Ізінен даяшы жүгіріп барып, есеп айырысуды сұрағанда, ол айқайлап мүліктерді қирата бастаған.

Полиция қызметкерінің мәліметінше, мекемеге келген жалпы шығын мөлшері 60 мың теңгеден асады екен.

Талқылау