Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау дәрігерлері бір күндік сәбиге күрделі ота жасады

Ақтау дәрігерлегі небәрі бір күндік нәрестеге күрделі ота жасады. Дүниеге келген қыз баланың өңешінде ақау болған. Ота жасамаса, оның өмір сүруі екіталай еді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

20160829153902

Нәресте 24 тамыз күні таңғы сағат 3.30-да, 2 кг 750 грамм салмақта дүниеге келді. Дәрігерлер жаңа туған сәбидің асқазан-ішек жолынан ақау анықтаған. Нақтырақ айтсақ, қыздың өңеші екі түтікке бөлініп кеткен. Бұл ақау ауыр санатына жатады, сондықтан ерте бастан операция жамаса, адамның өмір сүріп кетуі екіталай.

Операция дәл сол күні кешкі сағат 18.30-да Маңғыстау облысының перинаталдық орталығында жасалған.

«Осыған ұқсас жағдай 2016 жылы орын алған еді. Ол кезде біз ер балаға тораскопиялық жолмен ота жасадық. Бұл жолы қиыншылықтар туып, қарапайым травматикалық жолмен ота жасауға тура келді. Сәбидің көкірек қуысын ашып, қос өңештің екі ұшын тауып, оларды қостық. Нәрестенің небәрі бір күндік болуы қиыншылық туғызды. Салмағы тым аз әрі кеуде қуысы тым кішкентай. Кішкентай сәби мұндай күрделі отаны қалай өткерер екен деп барлығымыз алаңдадық”, – дейді хирург Құрман Қайранов.

Хирург Қайрановпен бірге операцияға оның ассистенті, облыстық балалар ауруханасының хирургы Айтжан Латипов пен анестезиолог Бауыржан Мұсаханов қатысты.

Отадан кейін сәби жансақтау бөлімінде жатып, интенсивті терапия қабылдады. Онымен реаниматолог пен неотологтар айналысқан.

Дүние есігін аша сала қиыншылыққа тап болған нәрестеге оғай тимеген. Отадан кейін оның өкпесі қабынып, қанның ұю процессі бұзылған. Қуанышқа орай, қыз аман-сау қалды.

«Неонатолог пен реаниматологтардың еңбегі өлшеусіз. Дәрігерлердің арқасында сәбиді ауыр жағдайдан құтқарып қалдық. Қазір ол өзге балалар ұқсап аузымен тамақтанады. Қажетті тексерістер жүргізілді, ас дұрыс қорытылуда. Жақында ауруханадан шығаруымыз мүмкін. Ол анасымен бірге туған жері Құрыққа оралады”, – дейді Құрман Айғалиұлы.

Жіберіп алмаңыз:

Атырауда кондукторлар мектеп оқушыларын автобустардан түсіріп кетіп жатыр

Сыныптастарын ұрып, ұстазына қол көтерген оқушы диспансерге жатқызылды

Ғалымдар: Ұйықтамау арқылы күйзелістен арылуға болады

Шымкенттік медбике шетінеген шақалақтың мүрдесін қалай ауыстырып алғанын айтты

Талқылау