Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақсулық кәсіпкер жағдайы төмен ауылдастарына дүкеніндегі тауарын тегін таратуда

Ақсу қаласында тұрмысы нашар отбасыларға қол ұшын созуға дайын кәсіпкерлер қатары күн санап артып келеді,-деп хабарлайды BNews.kz сайты.

дукен

Вячеслав Дыбачевский- қаланың қолы ашық, жомарт  кәсіпкерлерінің бірі. «Мойдодыр» дүкенінің қожайыны  тұрмысы нашар, әлеуметтік көмеккке зәру қарт тұрғындар мен мүгедектер, көп балалы  отбасылар үшін қайырымдыылық акциясын ұйымдастырды.

Дүкенде сабын, ұнтақ секілді күнделікті  тұрмысқа қажеттіжуғыш заттар затылатындықтан, қайырымдылық акциясының мән-мазмұны да осығанжақын.

«Дүкенде қайырымдылық акциясын әр сенбі  таңғы тоғыздан кешкі жетіге дейін ұдайы өткізіп тұрамыз. Қарияларға жуғыш заттарды тегін таратамыз. «Рахмет» айтқандары үшін тауардың он түрін береміз, оның әрбіріне қол жуатын иіс сабын, кір жууға арналған сабын, бір қорап кір жуатын ұнтақ, дәретхана қағазы, тіс пастасы кіреді. Акцияны алғаш рет бастаған кезде жиырма шақты адамға осындай тауарлар жиынтығын бердік»,-дейді кәсіпкер.

Кәсіпкердің айтуынша, акцияға  келген ең үлкен  қатысушы 91 жастағы қария. Алдағы уақытта тауарды өздігінен қозғала алмайтын жандардың үйлеріне жеткізу жоспарланып отыр. Тегін  тауар алуға келген әрбір тұрғынның жеке басын куәландыратын құжаты немесе зейнеткерлік куәлігі болуы тиіс.

Вячеслав Дыбачевский биылғы жылдың жаз маусымында дәретхана қағазын шығаратын зауытты іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ  кәсібін кеңейтуді көздеген кәсіпкер косметика және парфюмерия заттарын саудалайтын екі дүкен ашпақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақсу қаласының тұрғыны Россана Кораблева аптаның әр дүйсенбі күні жалғыз тұратын зейнеткерлер мен жалғызбасты жандарға өзінің жеке меншік «Әсел» дүкенінде тегін нан тарата бастаған.

Талқылау