Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақсуда педофил өз кінәсін мойындап, үкімін жеңілдетуді сұрайды

 Ақсу қаласында педофил сотқа дейінгі тергеу кезеңінде өз кінәсін толық мойындағаны үшін жазаның мерзімін қысқартуды өтінуген.

1

Қылмыскер 10 жастағы ұл балаға қатысты сексуалдық мәндегі әрекеттер жасағаны үшін 15 жылға қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтейтін болған. Алайда ер адам аппеляциялық шағым түсірген, деп  хабарлайды pavlodarnews.kz.

Дереккөздің сөзіне сүйенсек, педофил сотқа дейінгі тергеу кезеңінде өз кінәсін толық мойындағаны үшін жазаның мерзімін қысқартуды өтінген.

Сотталушы 2015 жылы 14-маусым күні шамамен сағат 21.00-де Ақсу қаласында құрылысы аяқталмаған ғимаратқа 10 жастағы ұлды кіргізіп, жәбір көрсеткен. Сот процессі жабық режимде өтті.

Сотталушының жасы 23-те және бұрын сотты болмағаны белгілі. Зорлық көрсеткен сәтте мас болмаған. Сотта куәлік беруден бас тартты.

 

Талқылау