Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақсу тұрғынына жаза ретінде 200 сағат қоғамдық жұмыстар тағайындалды

Осыған дейін көлік жүргізу құқығынан айырылған Павлодар облысындағы  Ақсу тұрғыны 200 сағат қоғамдық жұмыстарды атқаруға міндеттелді.

1403092619general_pages_18_June_2014_i12132_307_saratovcev_vypolnyali_obsh

Сурет: om-saratov.ru 

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Іс материалдарына қарағанда, азамат А. көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, мас күйінде темір тұлпар рөліне қайта отырған.  Сот отырысында айыпталушы А. өз кінәсын толық мойындады.

Ақсу қалалық сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, сотта айыпталушы кінәлі деп танылды. Оған 200 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту шарасы қолданылды. Сонымен қатар ол көлік басқару құқығынан 3 жылға айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Сенат депутаты мас көлік жүргізушілерін көпшілік көзінше масқаралауды ұсынды

Талқылау