Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Ақшаны қайдан алғанын білмеймін»: Алматының бұрынғы бас дәрігері пара бергенін жоққа шығарды

Алматыда қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Серікбол Мусиновтің ісіне қатысты кезекті сот тыңдалымы өтті. Ол пара берді деп айыпталуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

«Ақшаны қайдан алғанын білмеймін»: Алматының бұрынғы бас дәрігері пара бергенін жоққа шығарды

Таяуда сотталушы соңғы сөзін айтқан еді. Ол өз кінәсін мойындамайтынын, бәрі әдейі қолдан жасалғанын айтты. 

«Тағы да қайталаймын, ешкімге пара берген жоқпын. Менің қоластымдағылардың ақшаны қайдан алғанын, оны қашан және кімге бергенін білген де жоқпын», - дейді ол. 

Бұрынғы шенеуніктің сөзінше, мұның бәріне өзінің қатысы жоқ. Тексеру туралы ештеңе білмедім, растайтын актіні көрген емеспін, дейді ол. 

«Денсаулық сақтау басқармасының басшылығына келгеніме жарты жыл болғанда, қаладағы денсаулық сақтау жүйесін жақсартудың орнына, не үшін пара беруім керек? Мен заңға қайшы ештеңе жасаған емеспін», - дейді Мусинов.

Алайда тергеудің пікірі бөлек. Тергеу барысында құқық қорғаушылар өткен жылдың күзінде Мусинов прокуратура қызметкерлеріне 25 мың доллар көлемінде ақша бергенін анықтаған. Оны денсаулық сақтау жүйесіндегі соңғы жылдардағы бұзушылықтарға көз жұма қарауы үшін сыйақы ретінде берген көрінеді. 

Мусиновтің бұрынғы әріптестері сот отырысы кезінде аталған фактіні растап, басшылықтың бұйрығына сәйкес әрекет еткенін айтты. 

Отырыс барысында мемлекеттік айыптаушы Мусиновке қомақты көлемде айыппұл салып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыруды сұрады. Іске қатысты сот үкімі бүгін шығады.

Еске сала кетсек, Алматы қаласының бұрынғы бас дәрігері Серікбол Мусинов аса ірі көлемде пара берді деп айыпталып жатыр. Ол денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінде 11 ай ғана жұмыс істеп үлгерді. Өткен жылдың қыркүйек айында ол қызметінен босатылды. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр