Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақшаң болса Астанада министрлер мініп жүрген көлікпен қыдыруға болады

Ақшаң болса Астанада министрлер мініп жүрген көлікпен қыдыруға болады. Тіпті қаласаңыз той-томалақта олардан кортеж жасап шығару түк емес. Шенеуніктерді тасымалдайтын көліктерге жауапты мемлекеттік мекеме бұл қызметті ресми жүргізеді екен.

1393917879_59db126da1b0bedb25f79835e4273547

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Арнайы дайындалған видео роликте қымбат жеңіл көліктерден бастап автобустарға дейін жалға берілетіні жарнамаланған. Тіпті, Астанадан 230 шақырым жердегі Бурабай шипажайына апару мүмкіндігі бар екендігі де айтылады. Ол үшін өзге тарифпен есеп айырысасыз. (ГРАФИКА) Автошаруашылықтың әлеуметтік желілердегі жеке парақтарында аталған қызметтердің бағаларына дейін көрсетілген. Мысалы, Mercedes S500 Long көлігі үшін сағатына 6000 теңге төлеу қажет. Ал шағын автобустар үшін 3 жарым мың теңге делінген. Айта кетерлігі, бұл қызметтерді жарнамалаған бейнеролик интернетке былтыр тамызда салыныпты. Содан бері ерекше қызметтен қазынаға қанша пайда түскені белгісіз. Автошаруашылық өкілдері әзір еш жауап бермей отыр.

Жіберіп алмаңыз: 

Елімізде шенеуніктерге тым қымбат киім киюге тыйым салынбақ

Ақтаудың атақты шенеуніктерінің табыстары белгілі болды

Ақтауда шенеуніктер мемлекеттік көлікті жеке мақсаттарына пайдаланып жүр

Талқылау