Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ақшадан өлдің бе?”: Сәкен Майғазиев жаңа кәсібін сынға алғандарға ашуланды

Жақында жаңа кәсіпті қолға алған Сәкен Майғазиевтің басы дауға қалды. Белгілі продюсер Ерік Тәстембековпен бірге көптеген дауаға шипа өнім шығарумен айналыса бастаған Майғазиевті көпшілік “ақшаға құныққан” деп айыптаған көрінеді. Бұл орайда әнші аузына келгенін жазып, орынсыз сын айтқандарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сәкен Майғазиев

“Кешегі жарнамамнан кейінгі пікірлерді оқып, жағамды ұстадым. “Жарнама жасаған жараспайды”, “Ақшадан өлдің ба?”, “Ұялмайсын ба?” (Бақауыз сөздерді өшіріп тастадым) т.с.с. Неге ұялуым керек? Бизнес бастағаным үшін бе? Отандық тауарды жарнамалап, халал өнімді қолдағаным үшін бе? Мен “Alhadaya” халал компаниясының негізін қалаушыларының бірімін, ресми өкілімін. “Abyroi” компаниясының (бет бейнесі) амбассадорымын.

Маған айына жүздеген ұсыныстар түседі. Күмән келтіретін компаниялармен келісе бермеймін. (Миллиондардың обалына қалғым келмейді). Жарнама жағына келгенде жеті рет өлшеп, бір рет кесуге ақылым да, ақылшыларым да жетеді. Алла тыйым салған (арақ, темекі) дүниелерді насихаттап жатқандай мені жерден алып, жерге салып жатқан жандарға жүрегімізді кірлетпейік дегім келеді. Әлем әншілерінің басым көпшілігі жарнама жасайды. Қазір екінің бірі теледидар көрмейді. Жер шарының төрт бұрышы телефонда тұрғанда неге игі іспен бөлісіп, Отандық өнімді қолдамасқа?!” – деп наразылығын білдірді ол.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау