Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақшадан қысылған Алматының байлары қымбат көліктерін сатып жатыр

Дағдарыс қалталыларды да қыса бастағандай. Бай-бағыландар небір қымбат көліктерін сатуға шығарып жатыр. Қазірдің өзінде елімізде бағасы 100 мың доллардан асатын жүздеген темір тұлпар сатылымда тұр. Дегенмен сұраныс мүлдем жоқтың қасы дейді мамандар.

машина

Сатылымға түскендердің бірі қымбат тастармен көмкерілген мына «Бентли». Басында қара түсті болыпты. Бірақ, машинасының көркін арттыруға көңілі ауған қыз 1 миллион 200 мың хрустальды түйіршік таспен көмкеріп шығу үшін арнайы дизайнер жалдаған.

Көліктің көз тартарлығы сонша, көшедегілердің қайсысы да көз сүзбей өте алмайды. Мұндай ерекше көлік биылдыққа екінші рет саудаға түсіп отыр. Айта кетейік, қаңтар айының ортасында сыртына түгел жылтыр тастар жапсырылған Мерседесті иесі саудаға шығарған еді. Бұл жолғы Бентлиді сатуға да дағдарыс себеп болыпты.

«Девальвацияға дейін қоңырау шалушылар көп болды. Көбі бизнесмендер. Әйелдеріне алып бергісі келді. Бірақ, бартерлік саудамен жерге, үйге алмастыруға ұсыныс жасады. Қазір бұрынғыдай емес, қызығушылар азайып кетті»,-деді көлік иесі Елизавета Ахриева

Талқылау