Ақша жетеді: Qazaq Banki салымшыларына жинақ ақшасы қайтарыла бастады

Биылғы жылдың 24 желтоқсанынан бастап Qazaq Banki АҚ салымшыларына «Банк ВТБ» АҚ ЕҰ агент-банкі арқылы өтемақы төлеу басталды. Төлем2019 жылдың 24 маусымына дейін Қазақстан Республикасының әрбір өңірінде орналасқан агент-банктің 17 филиалдарының барлығында төленетін болады, деп хабарлайды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Ақша жетеді: Qazaq Banki салымшыларына жинақ ақшасы қайтарыла бастады

Qazaq Banki АҚ-ны тарату комиссиясы 2018 жылдың 12 желтоқсанына ұсынған соңғы тізілімге сәйкес, Qazaq Banki салымшыларына жалпы төлем сомасы 20,5 миллиард теңгені құрайды. Банктің 18 мың салымшысының әрқайсысы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорынан өтемін толық көлемде алады. 24 желтоқсаннан бастап Qazaq Banki салымшыларына шамамен 7,8 миллиард теңге көлемінде өтемақы төленді. 1 541 салымшыға өтемақы төленді.

Qazaq Banki салымшылары – жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер ҚДКҚ қаражатынан өтемақы алуға құқылы. Салымдардағы, ағымдағы шоттардағы және төлем карточкаларындағы ақша қаражаттары өтеледі. Өтемақы салымның толық көлемінде және жинақталған (капиталдандырылған) сыйақы бойынша төленеді. Ең жоғары төлем сомасы теңгедегі депозиттер бойынша – 10 миллион теңге, шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 млн теңге, ал Qazaq Banki бір мезгілде теңгеде және шетел валютасында ашылған депозиттер бойынша (шетел валютасындағы депозиттер үшін – 5 миллион теңге баламасына дейін) – 15 млн теңге.

Qazaq Banki АҚ-ның әр салымшысына өтемақы төлеу кепілдендірілген, себебі өтем банктердің жарналары есебінен тұрақты негізде жинақталатын ҚДКБҚ арнайы резерві есебінен жүзеге асырылады. ҚДКБҚ меншікті капиталын ескере отырып, таратылған банктердің салымшыларына өтемақы төлеу үшін жинақталған сома 773,7 млрд. құрайды. «Банк ВТБ» АҚ ЕҰ агент-банкінде Qazaq Banki АҚ-ның әр салымшысына толық өтемақы көлемінде төлем жасауға қаражат қарастырылған.

Банкті мәжбүрлі түрде тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне енуін және төлемнің басталуын ұзақ уақыт күтуіне байланысты таратылып жатқан Qazaq Banki-нің кейбір салымшылары ақша қаражатын дереу қолма-қол ақша түрінде алуға тырысуда. Бұл асығыс қабылданған шешім дүрбелеңнен туындаған.

Біріншіден, ҚДКБҚ жинақталған резерві Qazaq Banki-нің барлық салымшыларына өтемақыны толық кепілдік берілген сома көлемінде төлеуге жеткілікті. Qazaq Banki салымшыларына төлемдердің жалпы сомасы ҚДКБҚ жинақталған резервінің 3%-нан аспайды. Бұған қоса, агент банк тұрақты қаржылық жағдайға ие және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетін екінші дәрежелі банктердің ішінен таңдалады.

Екіншіден, агент-банктің қаражаты таратылған банктің салымшыларына өтемақы төлеу үшін пайдаланылмайды. Төлем тек Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Үшіншіден, депозиторларға өтемақы төлеу таратылып жатқан Qazaq Banki-де қалған активтерге және оларды өткізу жылдамдығына қарамастан жүзеге асырылады, сондықтан қаражат жеткіліксіздігінен Qazaq Banki салымшыларына өтемақы төлеуді кешіктіру мүлдем мүмкін емес!

Депозиттерге кепілдік берілген өтемді алу үшін таратылып жатқан банктің салымшылары жеке тұлғаны куәландыратын құжатпен «Банк ВТБ» АҚ ЕҰ-ның кез келген бөлімшесіне немесе филиалына барып, өтемді алу үшін өтінішті толтыруы қажет. Өтініш бланкісін агент банк бөлімшесінде алуға болады немесе ҚДКБҚ сайтында электронды нұсқаны жүктеп алып, алдын-ала толтыруға болады. Салымшыны сәйкестендіру жеке тұлғаны куәландыратын құжаттармен анықталады, сол себепті өтемді алу үшін банктік салым шарты немесе қолма-қол ақшасыз төлем сияқты қосымша құжаттар талап етілмейді.

Өтінішті кез келген күні 2019 жылдың 24 маусымына дейін беруге болады. Әдетте, агент банк өтемақыны өтініш берген күні төлейді, яғни өтініш берілген күннің ішінде, және тек сенімхат бойынша, мұрагерлердің немесе үшінші тұлғалардың өтемді алуға өтініш берген жағдайда ғана төлем мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ төлем мерзімі бес жұмыс күнінен аспайды.

Салымшының таңдауы бойынша өтемақы қолма-қол ақшамен агент-банктің кассасында төленеді немесе қолма-қол ақшасыз салымшының өтінішінде көрсетілген деректемелерге сәйкес агент-банктің немесе кез келген басқа банктің банктік шотына аударылады. «Qazaq Banki» АҚ салымшыларына өтемді «ВТБ Банкі» АҚ ЕҰ-да Instant тез шығарылатын атаулы емес банктік картаға алу опциясы ұсынылады. Qazaq Banki салымшыларына сондай-ақ өтем сомасына агент банкте ағымдағы депозиттік бағдарламалары бойынша салым ашу ұсынылады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр