Ақша жеді деп күдікке ілінген Матаевтар тағылған айыпты мойындаған жоқ

Сейсенбі, 23 Ақпан , 2016 8:33

Қазақстан журналистер одағының төрағасы қыруар қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталды. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, Ұлттық баспасөз клубын да басқаратын Сейітқазы Матаев ақпарат құралдарында мемлекет саясатын жүргізуге бөлінген ақшаның 300 миллионнан астам теңгесін қалтасына басты деп айыпталды. Бұдан бөлек заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, тағы 300 млн-нан аса теңге салық төлеуден жалтарған деген де кінә тағылып отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

10-1_d997b435

Сурет time.kz сайтынан алынды

Матаевтың ұлы да қаржылық құйтырқылыққа барғаны үшін істі болып жатыр. «ҚазТАГ» ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаевқа қатысты да тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қатарында басқа да азаматтар бар.

Журналистер одағын 15 жыл басқарған Сейітқазы Матаев аса ірі көлемде ақша жымқырды деген күдікпен ұсталған еді. Ол 2011-2015 жылдар аралығында 340 миллион теңгені заңсыз иеленген көрінеді. Яғни мемлекет саясатын қолдап газет-журналдарда мақала жариялауға Ақпарат комитетінен 80 миллион теңге, «Қазақтелекомнан» 260 миллион теңге қаржы бөлінген екен. Оны Матаев қолма-қол ақшаға айналдырып, қалтасына басқан дейді жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің өкілдері. Ал жалпақ жұртқа тегін жариялануы тиіс мақалалар оқырманға ақылы түрде ұсынылған.

“Сейітқазы Матаевтың жасаған экономикалық және жемқорлық қылмысы ауыр. Оған қаржы жымқырды және салықтан жалтарды деген айып тағылып отыр. Мұндай қылмыс үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген”, – дейді Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Алматы қалалық департаментінің бастығы Шаттық Өтеев.

Сондай-ақ, Сейітқазы Матаев салық төлеуден жалтарғаны үшін де жауап беретін болады. Яғни ол заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып 1 миллиард 400 миллион теңге табыс тауыпты. Бірақ қазынаға құйылуы тиіс 327 миллион теңге салықты сол бойы төлемеген. Сондықтан оның барлық дүние-мүлкіне тыйым салынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

“Қазір осы іс бойынша Ақпарат және байланыс комитеті мен «Қазақтелеком» компаниясының лауазымды тұлғаларына қатысты да тергеу басталды. Сондай-ақ, Сейітқазы Матаевтың дәл осындай мақсатта жергілікті бюджеттен бөлінген 169 миллион теңгені ұрлау фактісі тексерілуде”, – деп атап өтті Шаттық Өтеев.

Әкелі-балалы Матаевтардың кінәсіз екеніне әріптестері де сенімді.

“Матаевтарға жасалған қысым «ҚазТАГ» агенттігінде жарық көрген мақалаларға байланысты болуы мүмкін. Себебі, соңғы бір жарым жылда онда өткір материалдар жариялана бастады. Сондықтан әлдебіреулер оның жолына бөгет жасағысы келіп отыр”, – дейді «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының төрайымы Тамара Калеева.

«Әділ сөз» қоры енді халықаралық ұйымдар арқылы Журналистер одағының төрағасына араша түспекші. Айта кетейік, қазір Ұлттық баспасөз клубын да басқаратын Сейітқазы Матаев кеңес кезінде ҚазТАГ-тың облыстардағы, мәскеулік «Известияның» Қазақстандағы тілшісі боп істеген. 90-шы жылдары президенттің баспасөз хатшысы болған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар