Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақша ұрлау ісі бойынша Ольга Рыпакованың атасына қатысты сот шешімі шықты

Алматы соты қала бойынша жеңіл атлетиканың бас бапкері Сергей Рыпаковқа қатысты істің шешімін шығарды.

87_main

Сурет Одноклассниках желісінен алынды

«Алматы қаласы бойынша жеңіл атлетиканың бас бапкері Сергей Рыпаковқа қатысты ҚР ҚК 65-бабына сәйкес қудалау ісі тоқтатылды. Сондай-ақ, Бостандық аудандық №2 соты Рыпаковқа қатысты қылмыстық iзге түсудiң тоқтатылуы жайлы күнi бұрын қабылданған қаулыны тоқтату туралы мәселенiң шешiмi үшiн Алматы қаласы прокурорын мәлiметке дейiн жеткiзуi туралы қаулы шығарды. Және мемлекетке келтiрiлген зияны үшін одан үлесiн өндiрiп алу туралы мәселенiң шешiмiн шығарды», – деп мәлімдеді Алматы қалалық сотының ақпарат бөлімінің жетекшісі Дияс Махамбетов.

Айта кетейік, Бұған дейін Алматы қаласының мәдениет және спорт басқармасының жетекшісі Хаирболат Хайдаровқа қатысты сот ісі қаралып, оның қала бойынша жеңіл атлетиканың бас бапкері Сергей Рыпаковпен бірге 12 миллион 373 мың 271 теңгені ұрлап кету ісі қаралған.

Айта кетейік, Сергей Рыпаков 2012 жылғы үш қарғып секіруден олимпиада чемпионы, 2010 жылы үш қарғып секіруден әлем чемпионы Ольга Рыпакованың атасы.

Бостандық аудандық №2 сотының шешімі бойынша, Хаирболат Хайдаров кінәлі деп танылып, өзгенің мүлкін иеленгені үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондақ-ақ, оны мемлекеттік қызметте 5 жылға дейін жұмыс істеу құқығынан айыруға шешім шығарды. ҚР ҚК 63 бабына сәйкес үкім шартты деп есептеледі. Сот айыпталушыға қатысты жазаның орындалуын қатаң бақылауға алды.

Талқылау