"Ақша сұрап айқайлады": Петропавлда екі ер адам 82 жастағы кейуана мен күтушісін аясуыз ұрып-соққан

Петропавлда 82 жастағы кейуана мен күтушісін қатігездікпен ұрып-соғып, тонап кеткен ер адамдар ұсталды. Олар әйелдерге түн ортасында тап берген. Екі ер адамның бірі бөлмелерді ақтарып, бағалы заттарды іздесе, екіншісі кейуананы азаптаған екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

«Ол: «Ақша қайда? Ақша әкел! Алтындарың қайда?» - деп айқайлады. Артынша мені байлап тастағаннан кейін тынышталып, солай жатуым керектігін айтты», - дейді жәбірленуші Мария Гладышева. 

Екі ұры үйге түнгі сағат 3-тің шамасында басып кірген. Бірі күтушіге тап беріп, оны ұрып, еденге лақтырып жіберіп, үстіне көрпе-төсенішті үйіп тастаған. Артынша төсектің тақтайымен зейнеткерді аяусыз ұрып-соғыпты. Мұнан кейін екі әйелді де байлап тастайды. 

Бұл кезде оның серігі үйден ақша іздеген. Осылайша, газ плитасында жасырылған 500 мың теңгені тауыпты. Қылмыскерлердің бірі арада бірнеше күн өткеннен кейін елордада ұсталса, екіншісі Петропавлда ұсталды. Олар ақшаны жұмсап тастағандарын айтты.

Оқиғадан кейін «Қарақшылық» бабы бойынша іс қозғалған. Күдіктілердің екеуі де бұрын сотталған екен. 

«Өзім берілдім. Полицей маған хабарласты, мен онымен кездестім. Кабинетке кіріп, бәрін айтып бердім. Ақшаны жұмсап тастадым», - дейді күдіктілердің бірі. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр