Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өлтірген адаммен таныс болған: Оралда жоғалып кеткен бойжеткеннің өліміне қатысты жаңа мәлімет шықты

Оралда 23 жастағы бойжеткен жоғалып кетіп, бір аптадан аса уақыт бойы іздестірілген еді. Артынша оның мәйіті табылды. Белгілі болғандай, қызды өз танысы өлтірген.

Ақша қарыз болған: Оралда жоғалып кеткен бойжеткеннің өліміне қатысты жаңа мәлімет шықты

Бұл туралы «Уральская неделья» басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақсайда көз жұмған қыздың денесінде қинап өлтіру белгілері болған.  Анықталғандай, оны танысы өлтірген. Ер адам қызға ақша қарыз болған екен.

«Ол полицияға шағымданатынын айтып қорқытқан. Жігіт қорқып, оны ұрып жібереді. Артынша өлтіріп тастаған», – дейді прокуратурадағылар.

БҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер бойжеткеннің өліміне күдікті ретінде 1986 жылы туған ер адамды ұстады. «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, 17 қыркүйекте Оралда жоғалған қыз өлі күйінде табылған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау