Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақша айырбастау орындарында доллар 364 теңгеге сатылып жатыр

Ақша айырбас нүктелерінде доллар бағасы 364 теңгеге жетті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, саудадағы долла 363 – 364,8 теңге аралығында.

9 тамыз күні доллар күрт өсіп, 355 теңгеге жеткен еді. 10 тамыз күні 357,02 теңгеге дейін, 11 тамыз күні доллар 361 теңгеге дейін құнсызданған еді.

Доллар 2018 жылдың мамыр айынан бастап көтеріле бастады. Сарапшылар мұның себебі Ресей рублінің әлсіреуінен деп түсіндірді. Бұл маусымдық өзгеріс деп болжады.

Сарапшылардың пайымынша, бұл көрсеткіш АҚШ-тың Ресейге қарсы енгізген жаңа санкцияларына байланысты. Ол Қазақстанның да экономикасына әсер етпей қоймады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау