Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-тың экс-сенаторы әйелі қайтыс болған соң өзінен 50 жас кіші жігітке үйленуге бекінді

АҚШ-тың бұрынғы сенаторы, демократ Харис Уоффорд өзінен 50 жас кіші ер адамға үйленетінін мәлімдеді. Оның әйелі, үш баласының анасы 20 жыл бұрын қайтыс болған.

160425053110_ex-senator_harris_wofford_624x351_getty_nocredit

Суреттер: www.bbc.com 

Сенатор 5 жыл бұрын-ақ үйлену туралы ойламағанын, алайда 75 жасында 25 жастағы жігітке ғашық болып қалғанын айтады.

Уоффордың айтуынша, ол өзін гей деп есептемейді. Ол әйелі қайтыс болған соң екінші рет үйленгеніне өзін бақытты санайды.

«Мен өзімді жыныстық тұрғыда өзгеше жаратылғанмын деп есептемеймін. Мен керемет әйелмен жарты ғасыр бірге өмір сүргем. Енді екінші рет бақытпен қауышып отырмын», – дейді экс-сенаттор.

Ол бір жынысты некеге рұқсат берген заманға жеткеніне қуанышты. Өзі есіне алғандай АҚШ-та Жоғарғы сот бір жынысты некені барлық ел аумағында рұқсат еткен.

160425053626_wofford_obama_624x351_getty_nocredit

Харрис Уоффорд 1926 жылы дүниеге келген. 1960  жылы Джон Кеннедидің тұсында АҚШ-та адам құқы бойынша кеңесші қызметін атқарған.

1986 жылы ол Пенсильвания штатында Демократиялық партияның бөлімін басқарды.

Талқылау