Қазақстанда жұмыс істейтін америкалық трансгендер сұхбат берді (видео)

Сейсенбі, 19 Қаңтар , 2016 13:31

Еліміздегі АҚШ елшілігінің дипломаты Робин Маккатчеон өзінің ЛГБТ қоғамының мүшесі екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол мұны ешқашан жасырмағанын айтады. Өз мәселесін айтқан елші Қазақстандағы ЛГБТ мүшелерінің ұстамдылығына таң қалғанын жасырмады.

АҚШ

Бұл туралы  101TV.KZ интернет телеарнасы хабарлайды.

«Мен – әйел трансгендермін. АҚШ Мемлекеттік департаментінде істеймін. Бұл – құпия емес. Мен жайлы түрлі басылымдар жазып жатыр. Қажет болған жағдайда өзім жайлы ашық айтамын», – деді Маккатчеон.

Робин Маккатчеон  құжат бойынша өзінің әйел екенін айтады. Құрама штаттарда соңғы  он жылдың ішінде жынысын ауыстырғандардың құжатын реттеу мәселесі шешіліпті. Ол Қазақстанда осы мәселенің әлі шешілмегенін айтады.

«Мен мұнда  ЛГБТ-ны насихаттау үшін келгенім жоқ. Бұл факт. Мен әйел трансгендермін. Мен мұнда елші болып қызмет етемін. Мен  жалғыз трансгендер  дипломат емеспін. Құрама штаттарда көп, басқа елдерде де. Біз қарапайым адамбыз. Біз өз жұмысымызды жақсы атқарып жүрген қызметкерміз. Біздің жеке өміріміздің жұмысқа еш қатысы жоқ. АҚШ-та өте танымал тұлғалардың арасында трансгендерлер бар. Мысалы, Аманда Симпсон. Ол біздің қорғаныс министрлігінде жұмыс істейді. Адамдар кісінің жұмысына қарап оның жынысы, жеке өмірі жайлы ұмытып та кетеді. Қазақстанда бір жарым жылдан бері жұмыс істеп жүрмін. Алматы мен Астанадағы  ЛГБТ-ның мүшелерімен жақын таныспын. АҚШ-тағы трансгендерлермен салыстырғанда бұл жердің адамдары өте ұстамды екен. Олар өздерін ЛГБТ мүшесімін деуден қорқады. Олар өздерін көрсетуден қашқақтайды»,-дейді  Робин Маккатчеон.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар