Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-тың қарулы күштері «Талибан» қозғалысының көшбасшысын өлтіргенін растады

Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздік дирекциясы «Талибан» қозғалысының көшбасшысы мулла Ахтар Мохамад Мансұрды ауған-пәкістан аумағында АҚШ-тың қорғаныс күштерімен өлтіргені туралы ақпаратты растады.

1204-503DB933-CBA5-40D8_CourtesyPhoto

Талибтердің басшысын өлтіру операциясы АҚШ-тың арнайы жасақтарымен сенбі күні іске асырылды. Пентагонның баспасөз хатшысы Питер Куктың мәлімдеуінше, талибтер көлікпен Пәкістан қаласы Ахмет-Валиден оңтүстік батысқа қарай бет алғанда ұшқышсыз ұшатын аппараттан соққы алды.

Америка адиминистрациясының өкілі журналистерге «оны өлтірілген болу керек» деген еді. «Талибандардың» командирлерінің бірі жексенбі күні қозғалыс басшысының көзі жойылғанын растады.

Мулла Ахтар Мохаммад Мансұр «Талибанды» 2015 жылы бұрынғы басшы мулла Омар өлтірілгеннен бастап басқарған еді.

Талқылау