АҚШ тұрғыны жүрегін ауыстырған кейін 27 адамды өлтіріп тастаған

Жексенбі, 20 Желтоқсан , 2015 12:46

Жүрегін ауыстырғаннан кейінгі екі жылдың ішінде 27 адамды жаһаннамға аттандырған 54 жастағы америкалық Майкл Родригес Грузия астанасында жүрген жерінде қолға түсті.

1010009227 (1)

Бұл туралы «Русская планета» хабарлады деп жазады ras.kz.

Қылмыскердің 2013 жылдың желтоқсан айында басталған «қанды жорығы» 23 әйел мен 4 ер кісінің өмірлерін жұлып кетіпті. Полицияның мәлімдеуінше, айыпталушы мұны кейінгі кезде тек адам өлтіргісі келіп тұратынымен, қанды көрсе көңілі тоят табатынымен түсіндіріпті.
«Ол тура кісі өлтіруге құмартып алған сияқты», – деді капитан Джерри Вудсон.

«Ол өзіне адамдарды өлтіруді бұйыратын дауысты естіп тұратын, олардың кейде тіпті біреуді өлтіріп тынғанша, жан шыдамастай болып шығатынын айтады. Ол өзіндей сериялы кісі өлтірушілер секілді психикалық проблемадан зардап шегеді», деді ол тағы.

Атланта полициясы күдіктінің кем дегенде 19 адамды өлтіргенін мойындағанын растады. Майкл Родригестің 2015 жылғы ақпанда ажырасып кеткен бұрынғы әйелінің айтуынша, оның кісі өлтіруді бастауы жүрегін ауыстырған операциясынан кейінгі уақытпен тұспа-тұс келеді.

Ол экс-күйеуінің жаңа жүрек алғаннан кейін бірден өзгеріп кеткенін, ота оның кейінгі іс-әрекеттеріне қатты әсер еткенін жеткізді.

«Ол сол кезде бірнеше қару мен пышақ сатып алып, кроликтен бастап аюға дейін өлтіруге кірісті. Мен өзімнің күйеуімді танымай қалдым. Сосын одан кетуге шешім еттім. Мен оның бұрынғыдан да өктем болып кеткенін байқадым. Бірақ оны осыншалықты құбыжық болып шығады деп ойламаппын. Мұның бәрі жүректен. Ол бұған зұлымдық әкелді», * деді Майклдың бұрынғы әйелі.

Әдетте мұндай жағдайда донордың кім екені құпия сақталады. Бірақ мына жағдайда полиция тергеушілеріне Родригес файлына кіруіне рұқсат етіледі. Олар донордың мойнына бірнеше адамның қанын жүктеген, сол үшін 2013 жылы өлім жазасына тартылған Дерек Эмери деген грузин жігіті болғанына көз жеткізді.

Эмери Грузияның оңтүстігінде 17 әйел мен 2 еркекті өліміне айыпты деп танылып, 2009 жылы өлім жазасына кесілген екен.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар