АҚШ тұрғыны өзі тастап кеткен ұлын тауып алып онымен жыныстық қатынасқа түскен (фото)

Америкадағы Нью-Мексико штатының 36 жастағы тұрғыны , асырап алған отбасында тәрбиеленген өзінің 19 жасар баласымен жыныстық қатынасқа түскен. Бұл туралы The Daily Mail басылымы жазған.

36E86C3600000578-3725551-image-m-33_1470412208712

Моника Марес  Facebook желісі арқылы  ұлы Калеб  Петерсонмен хабарласады. Әйел бұл баланы 16 жасында босанып, өзге отбасының асырап алуына берген. Тұңғышынан кейін Моника тағы 8 баланы дүниеге әкелген.

Рождество мерекесіне орай Моника Калебті  өз  фургонына қонаққа шақырады. Келіскен жігітті әйел  асырап алған отбасы тұратын Техастан барып алып кеткен. Алдымен екеуінің арасында романтикалық  сезім пайда болыпты, араға бірнеше аптаны салып, олар кәдімгі ғашық жандарша жыныстық қатынасқа түскен.

«Бұны  бір көргеннен ғашық болу  деп айтқан дұрыс шығар. Әрине ол аналық махаббат еді. Кейіннен түсініксіз жағдай туындап, басқаша махаббатқа ұласты»,-дейді Моника.

Әйел  ұлымен кездескеннен кейін оны баласы деп емес, жаңа танысы деп қабылдағанын айтады. Ал Калеб Петерсон болса « өзімнен үлкен әйелді көріп, бір апта өткеннен кейін оған құлай ғашық болдым. Асырап алған ата-анам басқа болғаннан шығар, ол кісіні анам деп қабылдаған жоқпын» дейді Калеб. Жігіт анасына сезімін бірінші болып өзі білдіргенін де жасырмайды.

36B741DE00000578-3725551-image-a-8_1470406897695

«Көзіміз түйісіп біраз тұрып қалдық. Сосын мен оны сүйіп алдым. Онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Осы үшін соншалықты жұрт шулайды деп ойламаппын. Мен де  Моника да үлкен адамдармыз. Өзіміз үшін шешім қабылдай алатын жағдайдамыз»,-дейді  19 жасар жігіт.

Калеб анасы екеуінің арасындағы махаббаттан шу шыққаннан кейін Моникамен, оның  әрі көлік әрі баспана есебіндегі фургонында, бірге тұрған. Тәпті әйелдің кішкентай балалры оны «әке» деп атаған. Көршілердің қоңырауынан кейін жергілікті полиция олардың ұлы мен анасы екенін білген.

АҚШ-тағы 50 штаттың барлығында мұндай жағдай ауыр қылмыс болып саналады. Анасы мен ұлының некесі тек заң аясында емес туған-туыстары мен таныстары, достары арасында да үлкен талқыға түсіп, оларды ешкім сыйламай қойған. Әрі бейтаныс адамдар оларды осы қылығы үшін жазаламақшы да болған.

Моника мен оның ұлын сот 5 АҚШ доллары кепілімен бостандыққа жіберген. Жұрт шулаған жағдай бойынша сот отырысы қыркүйек айында басталмақшы. Сот алқабилері оларды заңды өрескел бұзды деген қорытындыға келсе, екеуі 18 айдан қамалуы мүмкін.

Қазір әйелге өз балаларымен кездесуге тыйым салынған. Тұңғышы әрі ғашығы Калебпен де тіпті сөйлесуіне болмайды.

Моника Калебсіз өмір сүре алмайтынын айтып оны өмірлік серігі көретінін айтқан. Тіпті әйел екеуі бірге болу үшін басқа балаларынан да бас тартпақшы. Сот оны аналық құқығынан айыруы мүмкін.

Қазір Моника мен Калеб өз махабаттары үшін күресіп жатқандарын айтып, жұрттан қолдауды сұрап жатыр.  Сондықтан да олар екеуінің арасындағы махаббатты елге ашық айтуға бел буған.

 

 

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар