Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ тұрғыны кемеге ұқсас жұмбақ елесті бейнетаспаға түсіріп алды (видео)

АҚШ Ұлы көлдерінің бірінде беймәлім нысан бейнетаспаға түсіп қалды. 10 қазан күні YouTube желісінде жарияланған жазба 600 мыңнан астам қаралым жинады.

АҚШ

Бейнероликті Мичиган штатының қолданушысы Джеймс Асселин жариялады. Видео бір минутқа созылады және автор тылсым нысанның көз алдында жоғалып кеткенін айтады.

14572313_818268551608928_6719731138248439574_n

Кейбір интернет-пайдаланушылар ролик авторына алдамшы көрініс елестеуі мүмкін деген теорияны алға тартқан. Ал бірқатары камера елес-кемені түсіріп алғанын жазды. Ұлы көлдердегі Кемелер апаты қоғамының мәліметтеріне сәйкес, Жоғарғы көл түбінде 550 кеменің қирандылары жатыр. Жалпы Ұлы көлдерде алты мыңнан астам кеме су астына кеткен.

 

Талқылау