Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ тұрғыны әйелінен демалу үшін банк тонап түрмеге түспекші болған

Канзас-Сити тұрғыны Джон Риппл әйелінен шаршағаны соншалық, ақымақ қадамға барады: ол түрмеге отыру үшін әдейі банк тонаған.

555

Бұл туралы Lad Bible хабарлайды.

Ол әйелінен қалайда жырақ кету үшін кез-келген қадамға дайын болған және банк тонап, түрмеге түскенді дұрыс көреді. Алайда сот оның әрекетіне қатысты басқаша шешім қабылдаған.

Сол күні банкке кірген Джон кассирге: “Менде тапанша бар, кәне ақшаны әкел” деп айтады. 3 мың долларға жуық ақшаны алып алған ол, қабылдау бөлмесінде полицейлерді күтіп отыра береді. Ал тәртіп сақшылары кіріп келген кезде, “сіздердің іздеп жүрген адамдарыңыз мен” деп жар салады.

Джон өзінің кінәсін мойындап, оны 37 айға түрмеге қамайды. Алайда адвокаттар араласып оның жазасын өзгеріске ұшыратқан. Судья олармен келісіп, жазаны 6 айға дейін қысқартып, үй қамаққа алмастырады. Сондай-ақ, үш жыл арнайы қызмет өкілдерінің бақылауында болып, 50 сағат қоғамдық жұмыс атқаруы тиіс.

Оқи отырыңыз:

Нью-Йоркте гей-шеруге қатысушылар неліктен қазақша киініп, ұлттық туды ұстап жүрді

Қазақстанда ЭКСПО белгісіндегі спиннерлер шығарыла бастады

Ким Чен Ынның суреттерде құлағының кемістігін алғызып тастайтыны белгілі болды

Жаңалық жүргізушісі бүкіл шығарылым бойы үнсіз отырды

 

Талқылау