АҚШ-тағы жүк көлігін жүргізуші қазақстандықтар туралы фильм ғаламторда 100 мыңға жуық рет тамашаланған
Режиссер Қанат Бейсекеевтің АҚШ-тағы қазақстандық жүк көлігін жүргізушілер туралы «Truckdriver» фильмін төрт күн ішінде ғаламторда 93 000 адам тамашалаған, -деп хабарлайды Stan.kz
Аталған “Truckdriver” фильмін youtube желісінде 53 000 адам тамашалаған. Ал Facebook-та 40 000 рет қаралған. Мен мұны күтпеп едім, бәріңізге рахмет! Сіздер көбірек жұмыс жасауға ынталандырасыздар. Фильмнің кейіпкерлеріне айтқан жылы сөздеріңіздің олар үшін маңызы зор», – деп жазады Инстаграмда фильмнің авторы әрі режиссері Қанат Бейсекеев (@beisekeyev).
Кештердің бірінде Нью-Йорктегі барда Қанатқа таныс көлік жүргізушісі Нұрлан өзінің алдағы сапары туралы айтып берген. Келесі күні таңертең Қанат оның көлігіне отырып, екі апта ішінде АҚШ-тың барлық штаттарын аралап шыққан.
Фильмге Нұрлан Қожахметов, Нұрбек Хасен, Бауыржан Жүнісов, Рүстем Қажкенов, Әлихан Жаңбырбаев, Артур Марданов түскен. Аудармасын Данияр және Сандуғаш Сүндетбаевтар жасаған.