Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-тағы қазақ суретшісі: америкалықтар “ойбай 27-ге келдің, қашан бала босанасың?” демейді

Шетелді дарынымен, еңбекқорлығымен бағындырып келе жатқан отандастарымыздың қатары Дина Одесс есімді суретшімен толықты. Оның #99relationshipillustrations атты иллюстрацияларының топтамасы Қазақстаннан бөлек алыс-жақын шетелдерде, АҚШ-та жоғары бағаланған. Бүгінгі күні Нью-Йорк қаласында өмір сүріп жатқан отандасымыз Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне шетелде тұру туралы шешімді не үшін қабылдағанын, америкалықтардың қазақстандықтардан несімен ерекшеленетінін, және танымалдылықты сыйлаған иллюстрацияларды салуға қанша уақыт жұмсайтынын айтып берді.

“Мен Кеңес Үкіметі құлдырап жатқан уақытта дүниеге келдім. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде өз жолын енді-енді бастап жатты. Балалық шағым посткеңестік кезеңде өтті. Кішкентай ғана Қапшағай қаласында әжемнің тәрбиесін көріп өстім. Бес жасқа толғанымда ата-анам ажырасып кетті. 1990 жылдары аса бір көңіл көтеретін құралдар болған жоқ.

Теледидар тек бес арнаны ғана көрсететін. Аулада резинкаларға секіріп, классик, қазақтар-бұзақылар деген ойындарды ойнайтынбыз. Ал үйге келген соң сурет салумен көңілімізді аулайтынбыз. Суретке деген қызығушылық осыдан басталған шығар. Сурет салу маған қатты ұнайтын. Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде балаларға арналған өнер мектебіне қабылдандым. Ол жерде 7 жыл оқып, он беске толғанда қолыма дипломымды алып, бұл істі тастап кеттім. Қайтадан сурет салып жүргеніме бес жыл болды. Соңғы жылдары бұл іс менің негізгі жұмысыма айналып кетті”, — дейді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Dina Odess (@dina.odess)

Нью-Йоркта екі жылдың көлемінде тұратын суретші бала күнінен-ақ әлемдегі кейбір мемлекеттерге баруға армандаған. Бірақ Америкада, Нью-Йорк қаласында тұрамын деп мүлдем ойламаған екен.

“Америка ешқашан менің бала арманым болған емес. Бастауыш сыныптарда Көне Грекия жайлы аңыздарды естіп алған соң, Грекияға барғым келетін. Ортаңғы сыныптарда Ирландия мен Англияға, сосын Жапонияға қызықтым. Жапония туралы армандарым Қытайға бару туралы ойға ұласты. Сол елге барып қайттым. Қытай тілін оқи бастадым, аудармашы болып жұмыс істедім.

Бірақ күндердің бір күнінде Америкада тұратын боламын деп ойламаппын. Жұмысымнан демалыс алып, АҚШ-қа уақыт өткізуге келген едім. Америка маған ұнаса да, одан ешнәрсе күтпедім. Сосын бірнеше жылдан кейін тіл үйрену үшін белгілі бір елді таңдау керек болғанда, Нью-Йоркқа бару туралы шешім шығардым.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Dina Odess (@dina.odess)

Нью-Йорк — керемет қала! Маған мұнда жаның қалаған нәрсеге, әлемнің кез келген асханасына, кез келген тауарына қол жеткізе алатынын ұнайды. Ақшаң бар болса болғаны. Арт дүкендер мен үшін жұмақ. Бірнеше сағаттар бойы тауарларды қарап, солардың көптігінен ләззат ала аламын.

Сонымен қатар, маған мұнда ешқандай стандарттардың, шектеулердің жоқтығы ұнайды. Адамдарға сенің бет-әлбетің, қандай киім киетінің, немен айналысатының маңызды емес. Адамдар мұнда расында толеранттырақ, яғни Қазақстандағы азаматтарға қарағанда бір-біріне төзімдірек. Кейде осы қасиеттері бейжайлыққа ұласып кетеді. Менің ойымша, “ойбай, жиырма жетіге келдің, қашан бала босанасын” деумен өміріңе араласатын бөтен адамдардан, бейжайлық танытатындар дұрысырақ. Америкалықтардан осы қабілетті үйренген шығармын. Адамдарды және олардың өмірін сөгуді қойдым. Мүмкін бейжай болып кеткен шығармын.

Көптеген адамдар америкалық фильмдерді көріп алып, “америкалық мәдениет” туралы білім сандығын арқалап АҚШ-қа келгенде осы жақтың азаматтарына ұқсауға тырысады. Бірақ бұл жерде мұнымен ешкімді таңғалдыра алмайсың. Мұнда “америкалық емес” әртүрлі аутентикалық мәдениеттің өкілдері бағаланады. Өзіңді көрсету қажет, дара тұлға болу керексің. Сондықтан осында жүріп отаныңа басқаша қарай бастайсың. Оның мәдениетінің сұлулығын көресің, бағалай бастайсың. Мен осында келіп Қазақстанның мәдениетін елімізде тұрған кезбен салыстырғанда қаттырақ жақсы көріп кеттім”, — дейді суретші.

Сұхбат барысында Дина Одесс америкалықтардың қазақстандықтардан ерекшелігіне тоқталып өтті.

“Олар да біз сияқты қарапайым өмірлік құндылықтарды қажет ететін қарапайым адамдар. Тек америкалықтардың көбісі өмірлеріне риза. Олар өздеріне қамқор болатын елде өмір сүріп жатыр. Біз ше? Америкалықтардың көбісі мені көргенде Филипин азаматшасы деп ойлап қалады. Ал негізі қазақ қыздарын қытайлықтармен шатастырады.

Raw artists атты фотографтарды, суретшілерді, дизайнерлерді, визажистерді және тағы да басқа өнер адамдарын қолдайтын халықаралық тәуелсіз ұйымның назарына ілінген Дина, бір иллюстрацияны жасауға күніне 6-8 сағат жұмсайды. Оның айтуынша, #99relationshipillustrations топтамасындағы иллюстрациялар жеке өміріндегі оқиғаларға негізделіп жасалған. Жақын арада суретші Қазақстан туралы бірнеше жобаны қолға алуды жоспарлап отыр.

“Топтамада мен сүйіктім екеуміздің өмірімізді көрсетемін. Сондықтан ол жобадағы суреттер көп күшті талап етпейді. Сюжеттер ойыма өздері келеді. Ал тапсырысқа жасалынатын иллюстрацияларға 13-15 сағат жұмсалады. Жұмысқа кіріспей тұрып, көбірек ойлануға мәжбүрмін. Бірден отыра салып барлық суреттерді сала салмаймын. Жұмыстың бәрін аяқтау үшін 4-5 күн кетеді”— дейді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Dina Odess (@dina.odess)

Мемлекетіміздің кейбір азаматтары Қазақстанда өнердің төмен бағаланатынын сөз етіп, шетел асып кетіп жатады. Елімізде тіпті суретші болып күн көру мүмкін емес деп санайтындар бар. Осы пікірге қатысты, шетелде өзіңді таныту туралы дүниеге қатысты Дина Одесс өз ойын айтты

“Өз-өзіңді көрсету — ешқашан проблема болған емес. Өзіңді қай салада көрсеткіңіз келеді соны түсіну қиын. Біреу көп ақша табуды, танымал болуды, жақсы сурет салуды армандайды. Қандай нәрсемен айналысқыңыз келетінін түсінгенде, одан нені алғыңыз келетінін білгенде қиындық туындамайды. Өзіңізді шыңдауды бастайсыз. Оның үстіне интернет қазір қайда тұратыныңызға, кім екеніңізе қарамастан бүкіл таптаурындарды бұзып жіберген. Әлеуметтік желілердің арқасында сіз өзіңізді әлемге көрсете аласыз. Бастысы шағымданбай, өз өміріңізге жауапкершілік ала білуіңіз қажет”, — дейді ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Dina Odess (@dina.odess)

Шетелді тамсандырып жүрген отандасымыздың өнерін dinaodess.com сайтына кіріп, бағалауға әрбір қазақстандықтың мүмкіндігі бар.

 

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

 

 

Талқылау