Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-тағы гей-клубтағы атыстан ракты екі рет жеңген әйел қайтыс болған

Орландода орын алған теракті барысында ракты екі мәрте жеңген әйел адам қайтыс болған. Оның артында 11 баласы қалды.

photo-orlando0-423432

Орландодағы гей-клубта болып, қанішердің оғынан қаза тапқан 49 жастағы Бренди Ли Маркес өз өмірінде екі мәрте рак ауруын жеңе алған екен.

11 баланың анасы Ли Маркес терактіге дейін бірнеше сағат бұрын әлеуметтік желідегі парақшасына клутағы көңілді кештің бейнежазбасын жариялаған. Ол өзімен бірге ұлын да ертіп келген. Атыс кезінде оның ұлы тірі қалған.

Сондай-ақ, атыс жасаған Омар Матиннің мұндай ойы бар екенін әйелі білген. Райынан қайтаруға тырысса да, ол ойынан қайтпаған. Осы атысты жасау үшін арнайы қару алып дайындалған екен. Кейінірек белгілі болғандай Омар Матин осы гей-клубтың тұрақты келушісі болған. Тіпті ЛГБТ-қауымдастығының өкілі Омармен тұрақты түрде хат жазысып отырған.

Еске сала кетсек, жексенбі, 12 маусым күні Омар Матин есімді адам Орландо қаласындағы Pulse гей-клубына шабуыл жасап, 50 адамды қырып салып, тағы 50 шақты адамды жарақаттаған. Атыс кезінде Омар Матиннің өзі тәртіп сақшыларының атқан оғынан қайтыс болды.

Тағы да оқыңыз:

АҚШ-та атыс жасаған лаңкестің бұрынғы әйелі оның жүйке ауруына шалдыққанын айтты

АҚШ-тағы гей-клубта атыс жасаған лаңкестің гомосексуалды құпия өмірі

Орландо гей-клубындағы террорлық шабуылдауды “ИМ” ұйымы өз мойнына алды

Талқылау