Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-тағы гей-клубта атыс жасаған лаңкестің гомосексуалды құпия өмірі

АҚШ-тың Орландо қаласындағы гей-клубтың бірінде атыс жасап, 49 адам өліміне себепші болған қасгөйдің өзі де гомосексуалист болуы мүмкін, – деп жазады The Daily Mail.

June 12, 2016 - Orlando, FL, United States of America - An undated photo from social media of 29-year-old Omar Mateen, identified as the gunman in the mass shooting at a gay club June 12, 2016 in Orlando, Florida. Mateen is an American citizen whose parents are from Afghanistan had been on the FBI watch list and is believed to have connections to radical Islamic terror groups. (Credit Image: © Omar Mateen/Planet Pix via ZUMA Wire)

Сурет: openrussia.org 

Басылым мәліметінше, бұл туралы оның академияда бірге оқыған бұрынғы курстасы айтқан. Матин өз жынысындағы адамдарды іздеу үшін Grindr и Jack’d бағдарламасын қолданған. Ал, 2006 жылы өзінің курстасын кездесуге шақырған екен. Олар бірнеше гей-барларға барған. Бірақ қатынастары ұзаққа бармаған. Оның бұрынғы әйелі Ситора Юсуфийдің айтуынша, ол адам өлтіруге ислам діні тұрғысында емес, өз болмысын түсінбегендіктен барған.

«Біз үйленгенде ол өзінің өткен өімірі жайлы, түнгі клубтарға барғанды ұнатқанын айтқан. Бұл оның ешкім білмеген өмірі деп ойлаймын», – дейді ол.

Оның қазіргі күйеуі Юсуфиидің бұрынғы күйеуін гомосексуалист екенін айтқанын мойындады.

Матин түнгі клубтарға жиі барып, еркектермен билеген екен. Тіпті, дін жайлы сөз қозғаған біреуді пышақпен қорқытқан кезі де болғанға ұқсайды.

Ал, оның әкесі ұлының гей екеніне сенбейді. Ол ұлының гейлерді жек көргенін, бірде екі еркектің сүйісіп тұрғанынын көріп ашуланғанын айтқан.

Еске сала кетсек, жексенбі, 12 маусым күні түнде Орландо қаласындағы гей-клубта болған Матин жаудырған оқтан 50 адам қаза тауып, 53 адам зардап шеккен. Полиция 3 сағаттық атыстан кейін күдіктіні атып өлтірді.Лаңкестің бұрынғы әйелі оның жүйке ауруына шалдыққанын айтқан. Орландо  гей-клубындағы террорлық шабуылдауды “ИМ” ұйымы өз мойнына алған.

Жіберіп алмаңыз:

Киев төрінде гей-шеру өтті

Бельгиялық гей эвтаназияға рұқсат сұрады

Талқылау