Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дауыл кезінде жұмбақ елес видеоға түсіп қалды

АҚШ-тағы Флоренс дауылы кезінде адамға ұқсас жұмбақ бейне бақылау камерасына түсіп қалды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

АҚШ-тағы дауыл кезінде жұмбақ елес видеоға түсіп қалды

Аңыз бойынша АҚШ-тың Солтүстік Каролина жағалауында «сұл адамның» елесі мекендейді. Мифтік тіршілік табиғат апаты болар алдында адамдарға қауіп-қатер туралы ескертеді.

The Sun басылымысының мәліметінше, белгісіз елес 1822 жылдан бері көріне бастаған. Жергілікті аңыздар бойынша, ол сүйіктісіне барар жолда суға батып кеткен ер адамның әруағы.

Қайғылы оқиғадан кейін көп ұзамай қайтыс болған адам қызға келіп, шұғыл түрде қаладан кету керектігін ескерткен көрінеді. Елестің кеңесіне құлақ асып, отбасымен бірге қаладан кетіп қалған қыз, осылайша бірнеше күннен кейін қатты соққан дауылдан аман қалды.

Аңыз бойынша, елес қандай да бір төтенше жағдайдың қарсаңында пайда болады , ал оны көргендерге өлімнен қашып құтылуға мүмкіндік бар.

Желінің пайдаланушылары табиғат апаты кезінде камераға түсіп қалған белгісіз бейнені анықтауға тырысуда. Видеодан шамның жарығының астындағы пирсте адамға ұқсас бейненің пайда болғанын көруге болады. Алайда, ол бірнеше секундтан кейін көзден ғайып болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау