Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та үй-күйсіз қаңғыбас бала мектепті үздік бітірді

20 жасар Техас штатында (АҚШ)  үш жыл бойы қаңғырып, үйсіз-күйсіз жүрген Лийон Де Сильва орта мектепті үздік бітірді.

оқушы

Бұл туралы  dailymail.co.uk хабарлады. Мектеп оқушысы бұдан бес жыл бұрын  анасы өмірден озғаннан кейін баспанасыз қалған. Алғашқыда ол туған-туыстарының үйлерін жағалаған. Ал есейген соң олардың бәрі теріс қараған. Қысқасы Лийон Де Сильва үйсіз қалды.Бірақ қиындақтар оның үздік оқуына бөгет бола алмады.

Соңғы үш жыл ішінде (17 жасынан бастап) ол көшеде жүрді. Техас саяжайындағы орындықтарға түнеуге мәжбүр болды. Бірақ бозбала мектепті тастамады. Кейінірек Лийон оқитын мектептегілер оның жағдайы туралы білді. Үздік оқушыларының бірінің көшеде өмір сүріп жатқанын білген директор  мектеп әкімшілігімен бірлесіп үйсіз жанға көмектесуді ұйғарды.

Білім шаңырағының басшысы қашан тегін пәтер табылғанша өз қалтасынан төлеп, баланы қонақүйге орналастырды.

Сондай-ақ Де Сильва колледжде тегін оқуға грант ұтып алды. Мұндай гранттар тек дарынды балаларға ғана беріледі.

 

Талқылау