Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та үш құрбы 100 жылдық мерейтойларын бірге атап өтті

[:kk]

Вашингтонда тұратын бала кездерінен дос болып келе жатқан үш құрбы өздерінің 100 жасқа толу туған күндерін бірге атап өтті.

Безымянный Бұл туралы lenta.ru хабарлайды. Әйелдер ортақ мерекені жергілікті шіркеулердің бірінде атап өткен. Глэдис Батлер, Бернис Андервуд және Рут Хэмметт 1916 жылы туып, Вашингтонда өскен. Төртінші құрбылары Леона Барнес 100-ге толардан екі ай бұрын мамыр айында қайтыс болды. Олар бірге жұмыс істеп, үнемі бір-біріне көмектесіп тұрған. Туған күн мерекесіне олардың туыстары, балалары, немерелері мен шөберелері келді. Шіркеуге келушілер билеп, ән айтып, зейнеткерлерге гүл мен сыйлықтар табыстады. 2015 жыл қаңтар айында Шотландияның ең қарт әйелі ұзақ жасау үшін дұрыс тамақтанып, сосын еркектерден алыс болу керек деген еді. 109 жастағы әйел осы арқылы осыншама жасқа жеттім деген. Ол ешқашан күйеуге шықпаған.[:]
Талқылау