Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та үш қазақстандық қызға 30 жыл бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр

АҚШ-та автокөліктерді сатуға байланысты алаяқтық жасағаны үшін айыпталып жатқан қазақстандықтардың жағдайы бойынша келесі тыңдау 2019 жылдың ақпанында өтеді.

АҚШ-та үш қазақстандық қыз 30 жыл бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр

Айбек Смадияров Нью-Йорктегі қазақстандық консулдықтың көмегімен Қазақстанның барлық үш азаматы қамауда емес деп атап өтті. Әйелдер қолхат жазып, кепілдіктен босатылған, деп жазды Sputnik.

«Бірінші тыңдалым жазда болды, тергеу барысында әртүрлі елдерден келген 20-дан астам адам қатысады. Сондықтан келесі тыңдау 2019 жылдың ақпанына жоспарланған», – деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

АҚШ-та үш қазақстандыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Диора Аширова, Азиза Жалолова мен Елена Құдайбергенова Нью-Йоркте ұсталды. Олар 20 жылдан 30 жылға дейін түрмеде отыр. Күдіктілер сирек кездесетін машиналарды сатуға жарнама жариялап, ақшаны алып, жасырынған деп айыпталуда.

Прокуратураның мәлімдеуінше, халықаралық қылмыстық топтағы аталған бойжеткендер 4,5 миллион доллар алаяқтықтан тапқан.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау