Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та жүкті әйелдерге сәбиін өлтіруге рұқсат беретін заң қателікпен қабылданып кетті

Американың Нью-Гэмпшир штатында жүкті әйелдердің адам өлтіруіне мүмкіндік беретін заң мақұлданды.

e51f0a47e624807ea4521a2dddd7e0a275e1953d

Саясаткерлер құжаттың бір бөлімін бірден байқамай қол қойған.

Заң жобасын конгрестің екі палатасында да мақұлдаған. Ал құжаттағы олқылықты бір аптадан соң байқаған. Депутаттар штат губернаторы қол қоймай тұрып мәтін сөздерін түзеп үлгерді.

Мұғдағы мәселе құрсақтағы 20 аптадан асқан сәбилерді өлтіру адам өлімімен тең дегенге саяды.

Заң жобасының бастапқы мәтінінде аборт жасатқысы келетін әйелдер мен дәрігерлер туралы жазылған.  Құжаттағы мәтінге сәйкес, “жүкті әйел немесе дәрігердің қатысуымен болған кез келген әрекет” адам өлтіру, абайсызда адам өлтіру немесе әдейі адам өлтіру деп қарастырылмайды.

Саясаткерлер мұның әдейі емес, кездейсоқ болғанын айтады.

Сарапшылар мұндай мәтінде ерсі ешнәрсе жоқ екенін алға тартты. Олардың айтуынша, АҚШ-та заңды сөзбе сөз түсінуге болмайтыны жайлы ереже бар.

Демократтар заңға қарсы шықты. Олардың айтуынша, жаңа туған сәбиінің өліміне байланысты ірі көлемде айыппұл салынған жандар бар. Қала губернаторы оған қол қойған. Құжат 2018 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.

Тағы да оқыңыз:

Түркияда мектеп оқулықтарынан Дарвиннің эволюция теориясын алып тастады

Жүктілігінің 5 ай болғанына қарамастан модельдің сымбаты сол күйі сақталған (фото)

Әйелі қонақүй бөлмесіне кіріп келіп күйеуінің көңілдесін ұрып тастады (видео)

Талқылау