Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ-та жолаушылар мінген ұшақ өзенге құлады

АҚШ-тың Джексонвилл қаласында бортында 142 адам болған Boeing 737 жолаушылар ұшағы өзенге құлады. Бұл туралы қала мэрі Ленни Керри Twitter желісінде жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

АҚШ-та жолаушылар мінген ұшақ өзенге құлады

«Коммерциялық ұшақ өзенге құлады. Бұл туралы қазір апат орнында жұмыс істеп жатқан өрт сөндіру күзеті хабарлады», - делінеді Керридің хабарламасында. 

Округтік полиция шерифі жолаушылардың жағдайы жақсы екенін айтып, Twitter-парақшасында суреттер жариялады. 

«Коммерциялық ұшақ суға құлады. Ұшақ батып кеткен жоқ. Адамдардың бәрі аман», - дейді ол. 

Артынша шериф тағы бір жазба жариялап, 21 адамның ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Ол зардап шеккендердің ешбірі ауыр жарақаттанбағанын және олардың арасында балалардың жоқ екенін мәлімдеді. 

 

WJXT арнасы желіде құтқару кеудешесін киген адамдардың суретін жариялады. Суда құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. 

CNN басылымы ұшақтың Miami Air әуе компаниясына тиесілі екенін және бортында 136 адам болғанын жазды. Басылым мәліметінше, ұшақ ұшу-қону жолағының шетіне шығып кетіп, салдарынан суға құлаған. 

Ал Fox News порталы ұшақ бортында 142 адам болғанын хабарлады. 

Boeing компаниясы оқиға туралы хабардар екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта мамандар ақпарат жинап жатыр. 

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр