Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та жарты ғасыр бұрын абақтыдан қашып кеткен адам ұсталды

Коннектикут штатында 71 жастағы Роберт Стаковиц (Robert Stackowitz) есімді қылмыскер тұтқындалды. Ол 48 жыл бұрын абақтыдағы жазасын өтеп жүрген жерден қашып кеткен.

қашқыннн

Бұл азамат 1966 жылы қарақшылық шабуыл жасағаны үшін соттаған болатын. 1968 жылы сот 17 жылға Джорджия штатында  еңбек лагеріне жіберген еді. Қамауға алынғанына 4 ай болған кезде қылмыскер лагерден қашып кеткен еді.

 

Түрмеден қашқан азамат өзіне Боб Гордон деген есім алып  Коннектикут штатына жер аударған. Ол жаңа таныстарына өзін  қайық жөндеуші деп таныстырған.

Оны полиция өкілдері әлеуметтік қамту бағдарламасы бойынша жазған арызынан тауып алған. Тура 9-шы  мамыр күні  полиция оны қайта тұтқындады. Енді оны қайтадан  түрмеген жеткізу жоспарлануда.

 

Талқылау