АҚШ-та жараны өзі емдейтін «ақылды» дәкелер ойлап табылды

Сейсенбі, 26 Қаңтар , 2016 9:15

АҚШ-та электроника және дәрі-дәрмекпен жабдықталған инновациялық дәке ойлап табылды. Аталмыш медициналық құрал таңылған жараны адамның көмегінсіз өзі емдейді.

20160125204536

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Массачусетс технологиялық институтындағы зерттеушілердің ойлап тапқан орауышы – өте иілгіш және қозғалысқа кедергі келтірмейтін гидрогельден жасалған берік дәке. Оған терінің температурасын бақылап, инфекцияларға қарсы дәріні автоматты түрде себетін инновациялық тетіктер орнатылған.

Гидрогель 90 пайыз судан құралып, адам терісінің қасиеттерін қайталайтындай жобаланған. Гельмен өтетін титан сымдары дәкені тоқөткізгіш етіп, оған электрондық құралдарды, мысалы, жартылай өткізгіштік чиптерді енгізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ оған жарық диодтары орнатылған, олар жарадағы температура белгілі бір шектеуге дейін жеткенде немесе дәрі-дәрмек аяқталғанда жанады. Гельдің құрамында дәрі-дәрмектердің қоры құрылып, жараға арнайы арналармен жеткізіледі.

Ғалымдар болашақта жараға дәрігердің кәсіби көмегі қажет болатын болса онда дәкенің қашықтықтан ескертетін тетігін жасауды ойластырып отыр.

Ал әзірше «ақылды» дәке тұрақты медициналық бақылауды қажет ететін және инфекциялық қауіп тудыратын күйік шалу кезінде сыналмақ.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар