АҚШ-та жүргізуші болып жүрген қазақ жігіті шетелде қалай күн көріп жүргенін айтып берді (видео)

Қазақстандық Рүстем есімді жігіт АҚШ-та алысқа қатынайтын жүргізуші ретінде жұмыс істеп жүр. Бүгінде, ол YouTube-тан өз арнасын ашып, өзі және жұмысы, отбасы, жалпы табысы жайлы видео түсіріп, ақыл-кеңесімен бөлісуде.

АҚШ-та жүргізуші болып жүрген қазақ жігіті шетелде қалай күн көріп жүргенін айтып берді

Ол досы екеуі компания ашып, өзі сонда жүргізуші болып істейді. Қазір Рүстем жүргізуші болудан бөлек видеоблок түсіріп жүр. Ол видеоларының бірінде көрермендердің сұрағына жауап беріп, бұл қызметке қалай келуге болатынын еңгей-тегжейлі айтып берді.

Рүстемнің айтуынша, CDL алу үшін Work Authorization, жасыл карта немесе төлқұжат болса жеткілікті.

«Осы құжаттарды алып алысқа қатынайтын жүргізушілерді оқытатын мектепке барып, қалай жұмыс істейтінін үйренесің. Оқыту курсы 1 айдан үш айға дейін созылады, бірақ ол мектептерге байланысты. Сондай-ақ, оқу курсының бағасы да мектептерге байланысты әр түрді болады»,- дейді Рүстем.

Оның айтуынша, жүк көлігінің жүргізушісі мысалы, 3000 миль жүріп өтсе 564 555 теңге таба алады екен. Ол жүргізуші болып жұмыс істеудің артықшылығы – еркіндікте дейді. Яғни, демалғың келе ме, жұмыс істегің келе ме, оны өзің білесің. Рүстемнің сөзінше, жүргізушілер де мансаптық тұрғыдан өсуге толық мүмкіндік бар.

Қазақ жігіті YouTube-тағы каналында күн сайын не істейтінін, ұзақ жолды неше күнде және қалай жүріп өтетінін егжей-тегжейлі айтып береді. Отандасымыз тіпті, 20 жыл бойы алыс жолға қатынап жүрген жүргізушіден де сұхбат алып, оның кеңесімен бөлісті.

«Бұрын бұл жұмыс қызықты, әрі күшті болатын. Қазір, бұл шынайы жұмыс. Сен енді жолда жүру үшін жұмыс істейсің. Және жолда тоқтап, 30 минут тынып алуға тиіссіз. Бірақ, қазір ешкім жарты сағат демалып отырғысы келмейді. Бұрын жүргізушілер арасында достық, бауырластық болатын. Бұрын жолда көлігің бұзылып қалса, басқа жүргізушілер көмек керек пе деп хабарласып, бензин беретін немесе жанармай бекетіне дейін жеткізіп салатын. Тамағымен бөлісетін. Ал қазір жүргізушілер арасында ондай бауырмалық жоқ»,- дейді 20 жыл жүргізуші болып жүрген Скотт есімді АҚШ азаматы.

Руслан осындай сұхбаттар алып, жүргізушілердің жұмысы жайлы ақыл-кеңесімен бөлісіп, жұмыс уақытын да қызықты өткізеді. Ол алдына үлкен мақсаттар қойып, соған қол жеткізуге тырысып жүр.

Рүстемнің есебінше, ол алты күн бойы жұмыс істеп, 3118 шақырым жол жүріп өткеннен кейін 1 263 474 теңге немесе 3357 АҚШ доллар тапқан.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр