Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та ұсталған қазақстандықтарға қатысты тың мәліметтер шықты

АҚШ-та кибералаяқтық жасады деп айыпталып отырған қазақстандық 2 азаматқа қатысты тың мәлімет шықты. Олардың бірінің анасы не болғанын айтып берді, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

АҚШ-та ұсталған қазақстандықтарға қатысты тың мәліметтер шықты

Еске сала кетсек, бұған дейін Нью-Йорк прокуратурасы Қазақстанның екі азаматы мен 6 ресейлік азаматты кибералаяқтық жасап, 36 миллион доллардан (13 млрд 350 млн теңгеден астам) аса ақшаны ұрлады деп айыптап отырғанын хабарлаған едік.

Прокуратура мәліметінше, аталған іс бойынша Қазақстан азаматтары Сергей Овсянников мен Евгений Тимченко, сонымен қатар ресейлік Александр Жуков, Борис Тимохин, Михаил Андреев, Денис Авдеев, Дмитрий Новиков, Александр Исаев өтіп жатыр. Овсянников, Жуков пен Тимченко Малайзия, Болгария және Эстонияда қолға түскен. Ендігі олар АҚШ-қа экстрадициялануы мүмкін.

Күдікті Сергей Овсянниковтың анасының сөзінше, ұлы расында да істі болып жатыр. Ол Қазақстандағы компаниялардың бірінде ІТ саласында жұмыс істеген екен. Ал 11 қарашада жұмыс бабымен Эстонияға кетіпті. Алайда ұшақтан түсе салысымен тұтқындалған.

Ал қазақстандық екінші күдіктіге қатысты мәлімет жоқ. Тек Евгений мен Сергейдің бір-бірімен байланыста болғаны белгілі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау