АҚШ-та тұратын үндіс азаматы: Қазақтарға генетика жағынан да жақынбыз

Америка жерінің байырғы халқы Чеорки тайпасынан шыққан Рахсаан Уолф Қазақстанның жанкүйері болып шықты. Ол қазақтың тілі, тарихын және мәдениетін зерттеп жүр екен. Тіпті YouTube желісінде көпшілікке Қазақстанның тарихын үйретуде.

АҚШ-та тұратын үндіс азаматы: Қазақтарға генетика жағынан да жақынбыз

Бұл туралы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Нью-Йорк тұрғыны Рахсаан Уолф есімін қазақ тіліне аударып алып, өзін Рахсаан Қасқыр деп атайды. Оның айтуынша, Америка жерін мекендеген байырғы халықтар мен қазақтардың арасында ортақ белгілер бар.

«Мен Американың байырғы тұрғынымын, чероки тайпасының көшпендісімін. Егер Қазақстан көшпенділерінің мәдениетімен таныс болсаңыз, Солтүстік Америкада байырғы халықтар тұратынын білулерің керек. Қазақтармен жақындастыратын арамызда ортақ белгілер бар. Өзім Азия мәдениетіне жақын өстім, Оңтүстік-Шығыс пен Орталық Азия тарихын зертегенмін. Ақыры қазақтарға шығып, мәдениетіңіз бен тіліңізді меңгеріп жүрмін. Қазақтар көшпелі халық екенін білдім», – дейді Рахсаан Уолф.

Оның сөзінше, Америка жерінің байырғы тұрғындары Еуразия даласынан шыққан. Сондықтан ол қазақтармен түпкі тамырыз бір деп санайды. Қазақтарды бауырым деп білетін америкалық азамат көшпелі мәдениет және тұрмыс-салтымызбен ғана емес, генетика жағынан жақынбыз, дейді.

«Біз бір-бірімізбен тығыз байланыстымыз: бақсылық, мәдениет, бүркіт, жылқы, дауылпаздар секілді Солтүстік Американың көшпенділерімен ортақ рәсімдеріңіз көп. Орталық Азияның көшпелі тайпалары қазіргі Ресей мен Аляска жерлерін асып өтіп, Солтүстік Америкада және әрі қарай қоныстанғаны белгілі. Қазақ мәдениетімен таныстығым мен үшін руһани сапармен іспеттес болды», – дейді ол.

Бүгінде Рахсаан YouTube желісінде өз арнасын ашып алып, Қазақстанның тарихымен таныстыруда.

«Қазақша оқи білемін, бірақ сөздік қорымды кеңейту керек.  Әрине амандаса аламын: сәлем, сәлеметсізбе, қалың қалай деген сияқты», – дейді америкалық азамат.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.02.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар