Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та төрт перзенті бар гей жұп балаларының санын көбейтпекші

АҚШ-та төрт бала тәрбиелеп отырған біржынысты некедегі екі ер адам келешекте отбасыларын кеңейте түсуді қалайды.

12357859_1659314521014899_1856262657_n

@kordalenkaleb

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

27 жастағы Калеб Энтони мен 26 жастағы Кордэйл Льюис суррогат ананың көмегіне жүгінген. “Біраз уақыттан кейін біз қуанышпен хабарлағымыз келеді, біз жүктіліктің 12-ші аптасындамыз”, – деп хабарлаған екі ер адам.

Энтони мен Льюис өздерінің қайсысы баланың биологиялық әкесі екендерін айтпаған. Шамамен сәби 2016 жылдың қазан айында өмірге келеді деп күтілуде. Екі жұптың Инстаграмдағы парақшасына қазіргі таңда 182 мың адам жазылған.

Қазіргі кезде жұп екі қыз бен екі ұлды тәрбиелеп отыр. Біржынысты некедегілерге бала асырап алуға Евроодақ елдерінде және АҚШ-тың, Мексиканың, Австралияның жекелеген штаттарында рұқсат етілген.

Талқылау