Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та толықтай бір қала сатылымға шығарылды (фото)

Ореган штатында толыққанды бір қала сатылымға шығарылды. Ол Портлендтен 362 шақырым қашықтықта өзен жағасында орналасқан Тиллер деген шаһар.

1bf7ee16001e92adcc4dda66a3e5738e

Бұл туралы Reuters хабарлайды.

Қаланың аумағы 101 гектар. Шағын шаһарда мектеп, алт үй, қаңырап қалған сауда орталығы, өндіріс орындары мен басқа да нысандар бар.

2210c13a4d64722e23c003bf37e46990

Қазір қалада екі-ақ адам тұрып жатыр, бірі – бұрынғы мұғалім, бірі – дін қызметкері.

6753967dbad51482d97bbfbacae96ed2

Ал қала маңында 250 адам өмір сүреді.

b57925bcb6ab1ad0e1d6a6b19a711b96

Қала алғаш рет 2015 жылы сатуға қойылған. Бірақ ол кезде мектеп ғимараты болмапты. Сатып алушы табылмаған соң қала иесі жергілікті ерлі-зайыптылар бағаны төмендеткен.

3918b9fb226c7556f670550ba5277461

Олар қаланы 3,5 миллион долларға бағалап, және мектеп ғимараты үшін тағы 350 мың доллар сұрайды.

d43cdb36a9bb07693f9e32b355fc07eb

Тиллер қаласы 1902 жылы салынған. Бір жылдары бұл жерде ағаш дайындау шеберлері тұрған.

4862427a5ea3431f1bb43f1128b00adb

Бірақ уақыт өте ағаш өңдеу цехының жұмысы тоқтап, қала босап қалады.

e6a8b867be10773e90415bf6a2303801

Тиллер қаласының құны Астанадағы ең қымбат деген зәулім үйден де үш есе арзан.

90615f94462990232f9dc5d8d87870c2

Жуырда елордадағы зәулім үйлердің бірі 10,3 миллон долларға бағаланған еді.

Оқи отырыңыз:

Өзбекстанда анализ тапсырған ер адам жүкті болып шыққан

Қытайда салмағы 6,7 келі болатын алып бала өмірге келді

Тыржалаңаш отырған мектеп директорын суретке түсіріп алған оқушылардың басы дауға қалды

Шешенстан президентінің қызы алғаш рет өзінің сәнді топтамасын ұсынды (фото)

Талқылау