Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та толассыз жауған қардан 31 адам қаза тапты

АҚШ-тың шығыс аймақтарында толассыз жауған қардың салдарынан 31 адам қаза тапты.

26-01-2016-USA-680x437

Бұл туралы Егемен Қазақстан басылымы хабарлайды.

Жергілікті тұрғындар жол-көлік оқиғаларынан алған жарақаттары, газға уланулары және қар тазалау жұмыстары кезінде физикалық тұрғыдан артық қималдап, жүрек талмасына алып келуіне байланысты көз жұмды.

АҚШ-тың бірнеше қалаларында толассыз жауған қардан мемлекеттік қызмет орындары жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болды. Осыған байланысты ел астанасы Вашингтон басшылығының қызметкерлеріне де демалыс күндері берілді. Сондай-ақ, соңғы күндері табиғаттың тосын сыйынан бірнеше мың әуе рейстері кейінге шегерілді.

Айта кетейік, өткен демалыс күндері АҚШ-тың 11 штатында ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Алғашқыда мамандар Вашингтонда жауған қардың қалыңдығы 60 сантиметрге дейін жетеді деп топшылаған. Алайда, бұл көрсеткіш кейінірек 1 метрге дейін жетті. Осыған байланысты Нью-Йорк және Нью-Джерси аймағын су басу қаупі төніп тұр. Ал Виргиния штатында 1 мыңға жуық жол апаты тіркелді.

Талқылау